Суретті автор Facebook-тегі жеке парақшасына салған екен. Оның Армения президентінің жеке фотографы болып жұмыс істегеніне жеті жыл болған.
«Өз елімнің президентін түсіргім келіп еді, сәті түспеді. Тек Назарбаев жақсы шықты. Бұрыннан осындай кадр жасағым келіп жүрген. Президент маған қараған жоқ. 50 фотограф лидерлердің залға кіріп келген сәтін күттік, ол маған емес, барлығына қарады. Бұған дейін күзетшілер немесе өзге де қызметкерлер есіктің жанынан әрі-бері өтіп жатқанда осындай жарық болатынын байқадым. Ортада тұрып өз президентімді күттім. Назарбаев бірінші, біздің президент кейін кірді, сөйтіп Назарбаевты түсірудің сәті түсті», — дейді фотограф Давид Aкопян .
Естеріңізге сала кетейік, Сочиде екі саммит – ТМД басшылары мен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтіп жатыр.