Басты бетЖаңалықтарГүлмира Жүсіпбекова...

Гүлмира Жүсіпбекова мен Асқаржан Кенжеғарин жоғарғы сот судьялары болып тағайындалды

Асқаржан Қапезұлы Кенжеғарин 1963 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1989 жылы Шұбартау аудандық нотариаттық кеңсесінің нотариусы лауазымынан бастаған. 1992-1996 жылдары Семей облысы Аягөз халық сотының атқарушылық және әкімшілік істер жөніндегі судьясы. 1996 жылдан бастап 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау аудандық сотының төрағасы. 1998-2015 жылдары ШҚО сотының судьясы. 2015 жылғы ақпаннан бастап Астана қаласы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Гүлмира Қоқанқызы Жүсіпбекова 1967 жылы дүниеге келген, жоғары заңгерлік білімі бар. 1989 жылы Қостанай облысы Амангелді нотариалдық кеңсесінің нотариусында заңгер мамандығы бойынша еңбек жолын бастады. 1992 жылдан 1996 жылға дейін бұрынңы Торғай облыстық адвокаттар алқасы аудандық заң консультациясының адвокаты, меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары Торғай облыстық сотының судьясы. 1997-1998 жылдары Ақмола облыстық сотының судьясы. 1998 жылғы қазанда Астана қаласы сотының судьясы болып тағайындалды.

Ашық дауыс беру арқылы сенаторлар бірауыздан ұсынылған кадидатураларды қолдады. Осыдан кейін аталған судьялардың ант қабылдау рәсімі өтті.

ДереккөзInform.kz