Басты бетЭкономикаЖанармай бағасын...

Жанармай бағасын өсіріп сатқандарға 40 миллион теңге айыппұл салынды

Павлодар облысында жанармай бағасының қымбаттауына байланысты тексеріс басталды, деп хабарлайды «Астана» арнасы .

Өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың бірінші тоқсанында төрт ірі компанияға 40 миллион теңге айыппұл салынған. Олар сұйық отынның бағасын негізсіз қымбаттатқан. Департамент басшысы міндетін атқарушы Павел Баданиннің айтуынша, кәсіпкерлердің өзара келісілген әрекеті салдарынан нарықтағы жанармай құны бір күнде аспандап кеткен.

«Өзара келісілген әрекеттер дерегінің болғаны анықталды. Яғни бір мезгілде жанармай мен дизельдік отын бағасын негізсіз қымбаттатқан. Бұл субъектілерге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, материалдар Павлодар және Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Айппұл көлемі 40 млн теңгені құрайды»,- деді облыстық ТМР және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Павел Баданин.