Көкшетаулық Мұхтар Усин 70 келі салмақта грек-рим күресі бойынша боз кілемге шықты.
Алғашқы белдесуде жерлесіміз 4-1 ұпаймен ирандықтан басым түсті. Ал, жартылай финалда әлемнің 5 дүркін чемпионы француздық Георгий Христовқа есе жіберіп алды. Қола медаль үшін күресте алаң иесінен 1-0 ұпайы айырмасымен айласын асыра білді. Осылайша, тартысты белдесуде Мұхтар Усин үшінші орыннан көрінді.
«Менің алаң иесін 1 ғана ұпай санымен жеңдім. Бұл мен үшін соңғы үш чемпионаттағы ең ауыр белдесу болды», — деді М.Усин.
Мұхтар Усин Көкшетаудағы №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры.
Аслан Оспанов