Төреғали Төреәлі ту сыртынан сын айтқан Дастан Оразбековтің әрекетін ұят санады

Төреғали Төреәлі «Сырласу» бағдарламасында әкесі Төреәлі Әлиханұлымен бірге қонақ болып, өзіне сын айтқан Дастан Оразбековке сұхбат барысында жауабын берді.

«Адам біреуге мін айту үшін алдымен өзінен іздеуі керек. Мен оны балағаттап, жамандайын деп жатқан жоқпын. Халық өзі бағасын береді. Шығарып жатқан әндеріміздің көбін өзіміздің жігіттер жазады» — деді Төреғалидің продюсері әрі әкесі Төреәлі. «Менің бір түсінбейтінім, қазақтың жігіттері бір-біріне видео сәлемдеме жолдап отыратындай ұсақталып кеткені ме?» — деп кейіді Төреғали. Ән қоржынындағы шетелдік туындылардың «ұрланғанына» қатысты ара-жігін ашып алғысы келген әнші репертуарындағы «Байқоңыр» мен «Төрешім» әндерінің әуені өзге елдікі екенін мойындады. Төреғали Төреәлі «Орда» тобының стилі мен Ерболат Беделханның шығарып отырған тобына сын айтты.

«Ринат Зайытов та «Орда» тобы жайлы өз азаматтық пікірін айтып кетті. Ринат ағамның пікіріне мен де қосыламын. Ұрламаймыз ба? Онда стиль ұрлауды да қояйық. Онда түбегейлі Кореяға еліктемейік. Ашық әңгіме керек болса, жекпе-жек керек болатын болса, басқаша болсын!», — деді ашулы әнші.

Өз сөзінде Төреғали «Орданың» ізбасарлары Ninety one тобын «шайтанға» теңеді. «Шайтан дегенді кішкентай кезімізден естіп келеміз. Солардың түрлері солардың жасаған топтарының кейпінен білінетін сияқты. Қызыл, жасыл, көк, о заманда бұ заман, еркек адам сырға таға ма? Бұтына тышып қойған адам құсап ауын салбыратып кие ме? Қазақтың өнеріне қандай пайда әкеліп жатыр солар?» — деп қынжылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, «Сырласу» бағдарламасында бір апта бұрын қонақ болған Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлі және тағы да басқа да өнерпаздарды плагиатшы деп сынаған еді.

Дереккөзnur.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әйнел Әмірхан: Әйел құқығын қорғауды жиі айтатын ерлер де оларды қолдауға дайын емес

Қазақстан әйелдері елдің саяси өміріне неге ерлермен теңдей араласа алмай келеді? Ал үй тірлігі тек әйелдің міндеті ме? Журналист-фрилансер Әйнел Әмірхан "Тасадағы әйелдер" дейтін жобасында сарапшылармен осы сұрақтардың жауабын іздейді.

Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды

Президент жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 20 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысында су тасқыны қаупі бар екенін ескертті.

Amanat тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі инфрақұрылым нысандарын тексереді

Amanat-тың атынан депутаттыққа кандидаттар және партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек беру үшін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барды.