Басты бетҚоғамСемей полигоны...

Семей полигоны ауыл шаруашылығына беріледі

«Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық апаттарды жоюда, сонымен қатар радиациямен ластанған жерлерді қалпына келтіруде үлкен тәжірибесі бар. Бұл тәжірибе Семей полигонынан алынып отыр. Бүгінде ол жердің шамамен 50 пайызын зерттедік, оларды қалпына келтіру бағдарламасы әзірленді»,- деді Ерлан Батырбеков.

Ұлттық ядролық орталығық директорының айтуынша, Семей полигоны проблемасын 2023 жылы толықтай шешу жоспарланған.

«Семей полигонының барлық жерінің 85 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы айналымына енгіземіз. Дегенмен, 10-15 пайыз жер қор болып қалады», — деді ол.

Батырбеков мырза елімізде сол қалған жерлердің тиімді пайдаланылатынын айтады.

«Біз ол жерлерді пайдалануды үйрендік. Атап айтқанда, «Қазмырыш» үшін «Балапан» алаңында өндірістік қалдықтарға арналған полигон құрдық. «Балапан» алаңы жерасты ядролық жарылыстары үшін пайдаланылған еді. Яғни, бұл жерлерді пайдалану мүлдем көзделмеген-ді. Дегенмен, бүгінгі күні бұл жер мемлекетке нақты пайда әкелуде», — деді Ерлан Батырбеков.