Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министріне сөгіс жариялады

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды», — делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, 10 қазан күні Үкiмет отырысында ҚР премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев бензиннің қымбаттауына кiнәлi лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шара қолданды.

«Энергетика министрi Қанат Бозымбаевқа сөгiс жариялау туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өтiнiш жасаймын. Энергетика вице-министрi Әсет Мағауовты қызметiнен босатамын», – деген болатын Бақытжан Сағынтаев.

ДереккөзInform.kz