Қостанай қаласында пауэрлифтингтен ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Дүбірлі додаға 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олар жастар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында 15 cалмақ бойынша бақтарын сынауда. Оның ішінде жастар арасында өткен жарыста көкшетаулық Алёна Солопова (52 келі салмақта) мен Рүстем Сайфутдинов (83 келі салмақта) алтын медаль иеленсе, 74 келі салмақ бойынша сынған түскен Ерасыл Ахметов күміс жүлдегер атанды.