Ақмола облысында «Өзіміз үшін, өз қолымыздан мәдениет үйі» атты жоба басталды

Жарқайың ауданындағы Костычев ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өнегелік құндылықтар» атты негізгі бағытының аясында «Өзіміз үшін, өз қолымыздан мәдениет үйі» халықтық шығармашылық орталығын қалпына келтіру бойынша жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жобаның мақсаты — халық шығармашылығын қалпына келтіру, заманауи құрал-жабдықпен, техникалық құралдармен жабдықтау, Костычев ауылына арнайы білім беретін жас мамандарды тарту.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің аясында жоба жалпы сомасы 67,0 миллион теңгеге қаржыланған. Қазіргі уақытта 200 орынға арналған аудитория жөндеуден өткізіліп жатыр. Қазандықты қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын, 2018 жылы пайдалануға беріледі. Ал мәдениет үйі осы жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version