Бұл жобаның мақсаты — халық шығармашылығын қалпына келтіру, заманауи құрал-жабдықпен, техникалық құралдармен жабдықтау, Костычев ауылына арнайы білім беретін жас мамандарды тарту.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің аясында жоба жалпы сомасы 67,0 миллион теңгеге қаржыланған. Қазіргі уақытта 200 орынға арналған аудитория жөндеуден өткізіліп жатыр. Қазандықты қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын, 2018 жылы пайдалануға беріледі. Ал мәдениет үйі осы жылы іске қосылады деп жоспарланған.