Жыл соңына дейін астаналықтар заңгерден тегін кеңес ала алады

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Тұрғындар «Mediator KZ» компаниясы арқылы азаматтық, жер, тұрғын-үй құқығы, отбасы, еңбек, зияткерлік, әкімшілік және қылмыстық құқық саласында қызметтердің түрін ала алады.

«Біз қиын әрі шиеленіскен мәселелерді және арнайы істер бойынша халықтың әлсіз топтарының (ардагерлердің, зейнеткерлердің, мүгедектердің) құқығын қорғаудан бас тартпаймыз. Оларды оңтайлы шешу біздің тәжірибеде бар», — деп жазылған «Mediator KZ» компаниясының хабарламасында.

Заңгерлерден тегін кеңес алу үшін мына телефондар бойынша алдын ала жазылуға болады: 8775 826 48 66, 8776 702 89 89.

Айта кетейік, Астана қаласында қабылдау мына мекен-жайда өтеді: Бейбітшілік көшесі, 52 ВП . Ал қабылдау сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі.