Басты бетТалғат Әміренов қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Талғат Әміренов қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Минскіде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. 100 келіден аса салмақ дәрежесінде белдескен Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының спортшысы Талғат Әміренов қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Ол ақтық сында белоруссиялық спортшыны ойсырата жеңді.

«Мен Армения, Қытай, Нидерланды және Беларусьтің спортшыларымен төрт рет белдестім. Әр тартыс күрделі болды. Барлық балуандар жеңісті көздеді. Олардың арасынан үздік шығу — үлкен құрмет. Жаттығуларымды дәл осы қарқында жалғастыра беремін. Алда әлі талай жоспарлар бар», — деді Талғат Әміренов.

Айта кетейік, сайысқа әлемнің 26 елінің балуандары қатысқан болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да