Басты бет Мәдениет Домбырада орындалған жаңа бағыттағы шығарма тыңдарманға жол тартты

Домбырада орындалған жаңа бағыттағы шығарма тыңдарманға жол тартты

Алматылық Ерасыл Әділбеков жаңа бағыттағы шығармасын ұсынды. Заманауи күй moombahton/ future house стилінде орындалған

Ерасыл Әділбеков ©vkmusic.kz

Шығарма «FLY» деген атаумен жарық көрген. Бұл жанрдағы домбырада үйлестірілген алғашқы күй. Автор дәстүрлі және классикалық күйлер мен шығармалар оның жанына жақын екенін айтады.

Бұған дейін орындаушы Қаршыға Ахмедияровтың «Той күйі», «Белес» күйлерін жарыққа шығарған.

Ерасыл Әділбеков 2011 жылы музыкалық колледжді бітірген. Оның тәлімгерлері Айгүл Үлкенбаева, Асылбек Еңсепов, Ержан Әлімбетов сынды танымал тұлғалар. Бүгінде ол Алматы қаласының Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының 3 курс студенті.

 

 

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version