Жетісу өңірінде ІХ Жазғы Универсиада өтеді

Екі жылда 1 рет еліміздегі оқу орындарының арасында өткізілетін бұл жарыс биыл 37 спорт түрін қамтып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен жазғы универсиадаға 8 спорт түрі бойынша 178 білімгер қатысады.

«ІХ Жазғы Универсиадаға біздің оқу ордамыз бірінші рет қатысайын деп отыр. Осы жарысқа қатысу үшін де біз барлық стандарттарға сай болуымыз керек болды, яғни ол спортшылардың қауіпсіздігі, спорт алаңдарының Универсиада шарттарына сай болуына мән бердік. Жалпы біздің студенттеріміздің 58%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Солардың ішінен ең мықтылары іріктелініп алынды. Универсиадаға 8 спорт түрі бойынша қатысамыз. Олар: жағажай  волейболы, самбо, еркін күрес, бокс, садақ ату, ауыр атлетика, дзюдо», — деді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Утегенов Ерлан.

Айта кетейік, ІХ Жазғы Универсиадасының ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 11 қазанында Жастар спорт  сарайында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version