Қарағандыда қариялар мен мүгедектер тегін тамақтанатын кафе ашылды

Кафенің қожайыны ашылу құрметіне түске дейін 300-ге жуық ер адамдарға, түстен кейін 150-ге тарта әйел жамағатына ас берді. Айтуларынша осы сынды қайырымдылық шаралары әрдайым ұйымдастырылып отырады.Сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен мүгедек жандар және егде тартқан адамдарға кез-келген уақытта тегін тамақтануына болады.150 орындық кафенің ас мәзірі де қалта көтерерлік. 30 түрлі Еуропа және Шығыс елдерінің тағамдары бар. Мал етін де шариғат нормасына сай өздері соятын көрінеді.

Дереккөзihsan.kz