Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығы, Ақмола облысының әкімдігі және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.
Көрмеге республиканың түкпір-түкпірінен әкелінген тазы, төбет, спаниель, батыс-сібір лайкасы, дратхаар, ягдтерьер сияқты иттер қатыстырылды.
Байқау ережесі бойынша иттер бірнеше сынақтан өткізіліп, ең үздіктерінің иелеріне арнайы диплом, кубок жəне бағалы сыйлықтар тапсырылды.