Бірінішіліктің басты мақсаты көркем гимнастиканы көпшілікке танытып, қатысушылардың спорттық деңгейін арттыру және спорттық разрядтарын өсіру, сонымен қатар Алматы қаласының құрамына іріктеу болып саналады.
«Мен бұл спорт түрімен он жылға жуық шұғылданудамын. Жетістіктерім туралы айта кетсем, Қазақстан чемпионатының жеңімазымын, сонымен қатар, халықаралық жарыстардың жүлдегерімін. Бірнеше күн бойы бар өнерімізді салып, шеберлігімізді таныттық. Қатысушылардың дайындық деңгейі де жаман емес», — деп бөлісті жарыс қатысушысы Ниннель Ниязова.
Бұл байрақты бәйгеде 2003-2010 жылдары туылған 240 спортшы топтық және жеке бағдарламада бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамота мен медальдар, ал барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табысталды.
«Жарыс жақсы өтті. Жалпы бұл бәсеке қала бойынша үздіктерді анықтап, ел чемпионатына ең мықты спортшыларды әріктеу үшін жасалады. Өз нәтижелеріме ризамын деп айта аламын. Бапкерлеріме, сондай-ақ, ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз», — деп атап өтті Карина Сагуддинова.
Айта кетсек, айтулы дода № 11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасысының қолдауымен өткізілді.
Іріктеліп алынған спортшылар, яғни көркем гимнастикадан Алматы қаласының құрамасы Шымкент қаласында қазанның 18-і күні өтетін Қазақстан чемпионатында қала намысын қорғайтын болады.
Назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:
2003 ж.ж.
I – Дарья Рагимова СО «Ника»
Анасатасия Косаткина БЖСМ №11
II – Адэма Абилева Каз АСТ
III – Іңкар Джулмагамбетова Атырау
2004 ж.ж.
I – Сабина Кикимова БЖСМ №11
II – Жанель Джадайбаева БЖСМ №11
III – Томирис Даурен БЖСМ №11
2005 ж.ж.
I – Татьяна Рузина БЖСМ №11
Нурай Тұурсынбек БЖСМ №11
II – Тогжан Мухамеджан «Наталья Кузнецова» КГМ
Арина Лавренчук БЖСМ №11
III – Карина Сагутдинова БЖСМ №11
Мария Гайнуллина Атырау
Алинура Бақытбекова «Алма-ата» КГМ