Басты бетКөкшетау техникалық...

Көкшетау техникалық институтында оқитын 139 курсант ант берді

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектенов, Ақмола облысы құқық қорғау органдары және оқу орындарының басшылары, азаматтық қорғаныс органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ата-аналар қауымы қатысты.

Ант беру салтанатты рәсімін ашық деп жариялаған Институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов өзінің кіріспе сөзінде оқу орнының жиырма жылының әрбіреуі маңызды әрі пайдаплы істерге бай, ал 2017 жыл Атбасар қаласындағы апаттық-құтқару жұмыстарымен, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының Алау Эстафетасымен және EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз еткенімізбен Институт ұжымының есінде қалатындығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин құттықтау сөз сөйледі, өз сөзінде ол қабылданған ант әрбір курсантты өз ісіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын қатаң сақтауға,  өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби тұрғыдан орындауға, құтқарушы жоғары атағын қастерлеуге міндеттейді.

2017 жылы КТИ-ның күндізгі оқу факультетіне 185 талапкер қабылданған болатын. Бүгін Көкшетау техникалық институтында оқитын 139 курсант ант берді. 8 курсант үкіметаралық келесімдерге сәйкес Институт негізінде өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша оқып жатқан Қырғызстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалған 37 курсантты Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мамандандырылған жоғару оқу орындарына жіберілді.

Салтанатты ант қабылдау рәсімінен кейін курсанттар мен Көкшетау қаласы мәдениет бөлімінің шығармашылық ұйымдарының күшімен дайындалған жарқын вокалды және хореографиялық нөмірлері бар шағын концерт ұйымдастырылды.

Рәсім аяқталған соң Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектеновпен бірге Институттың қала сыртындағы оқу-жаттығу орталығын көріп қайтты. Институт бастығы Сырым Шәріпханов қазіргі уақытта курсанттардың ТЖ түр-түрін жою бойынша тәжірибелік дағдыларды жаттықтыру үшін пайдаланылып жатқан оқу-жаттығу орталығының даму перспективасы жайлы баяндап берді. Юрий Ильин бұл полигонды болашақта республикалық деңгейдегі сайыстар, өрт-тактикалық жаттығулар мен сол сияқты шараларды өткізу үшін қолдануға болатыны атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елдің, оның барлық салаларын одан әрі жетілдірілуіне бағытталған мақсаттар қойылды. Ең бастысы – заманауи бәсекеге қабілетті экономиканы құрып, адами капитал сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім беруді ерекше назарда ұстауда, себебі жүйенің нәтижелі жұмысның басты шарттарының бірі қызметтер мен құрылымдық бөлімшелердің кадрлық нығайтылуы, қызметкерлердің кәсібилігін жоғарылату болып табылады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша мамандарды дайындау мемлекеттік маңызы бар міндетті 20 жыл бойы азаматтық қорғау саласында білім беру қызметін сәтті атқарып келе жатқан Көкшетау техникалық институты орындап келеді.

Бүгін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатары ертеңінде аға жолдастарымен бірге халық, қоршаған орта мен шаруашылық нысандарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғайтын жас және жігерлі жастармен толыққаны қуантады.