Шымкентте муай-тай жекпе-жегінен алғаш рет қала чемпионаты өтті

Шымкентте қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Муай-Тайдан 1998-1999, 2000-2001, 2002-2003 жылғы жастар және жасөспірімдер арасында қала чемпионаты өтті. №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде өткен доданың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Муай-Тай федерациясы Шымкент

— Спорт-денсаулық кепілі. Спорт–ел абыройы, ұлт мақтанышы. Шаһарымызда өтіп жатқан бұл додада өзін шыңдаған жас спортшыларымыз келешекте еліміздің ғана емес әлемнің чемпиондары атанатындығына сенімдімін, –деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетерлігі, ақпан айында облыстық Муай-Тай федерациясы құрылған болатын. Оның президенті болып спортқа үнемі қолдау көрсетіп жүрген қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы тағайындалған еді.

Алтын медаль Қазақстан

Қуантарлығы, шаһарымызда дамып келе жатқан Муай-Тай спортынан қала біріншілігі тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Чемпионатта әр салмақ дәрежесінде 110 спортшы жүлдеге таласты. Осы реткі шығыс жекпе-жегінен өткен сайысқа бас төреші Қуандық Сұлтанғали бастаған 20 төреші қазылық етті.