Басты бетЖаңалықтарАлматыда Төле...

Алматыда Төле би көшесінің күні тойланды

Аталмыш шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген ұлттық жаңғыру жолындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру және аудан жастарын рухани-адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу. Сондай-ақ, әрбір тұрғынға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мен көше тұрғындары арасындағы бірлікті нығайту.

Мерекелік іс-шара аясында «Балалар кітабының әлемі», «Қала көшелерімен көрікті», «Балалар әлемінің елшісі», «Жастар кітап оқуды таңдайды», «Төле би көшесінің тарихи беттері», «Қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі» тақырыптарындағы шатырлар жұмыс істейді, сондай-ақ кітап көрмелері, фото көрмелер, шеберлік сыныптары, Төле би көшесінің тарихының көрмесі, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Төле би көшесінің ашылуыШараға 1978-1985 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы болған Аухадиев Кеңес, ҚР Халық әртісі Сəбит Оразбаев, театр директоры Сәбит Әбдіхалықов қатысты.

Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, жыл басынан бері  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 150-ден астам шара өткізілген.

Жылқыбаев Ержан«Биылғы жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаңызға белгілі. Жаңғырудың жалғасы іспетті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қолға алынды. Осы орайда, Медеу ауданында Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асырудың аясында түрлі іс-шаралар, ірі әлеуметтік, мәдени жобалар жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері 150-ден астам шара өткізіліп, 20 мыңға жуық адам қамтылды. Мәселен, «Атамекен» жобасы аясында 125, «Тәрбие және білім» жобасы бойынша 18, «Рухани қазына» жобасы аясында 15 жоба іске асты. Ол, жасалып жатқан жаңа аулалар, жөнделіп жатқан жолдар, саябақтар, жаңадан ашылған балабақшалар, спорт алаңдары және т,б», — деді Ержан Жылқыбаев.

Сондай-ақ, Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев бүгінгі шараның мақсаты — әрбір тұрғынға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау екендігін айтып өтті.

«Шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген ұлттық жаңғыру жолындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру, аудан жастарын рухани- адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу, әрбір тұрғынға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ көше тұрғындары арасындағы бірлікті нығайту болып табылады. Бұған дейін, Абай, Достық көшелерінің күндерін де аудан тұрғындарымен бірлесіп атап өткен болатынбыз. Бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Өйткені, өскелең ұрпақты рухани азықтандыру мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары саналады»

Шара аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт пен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Базарың тарқамасын» атты атақты Қоянды жермеңкесіне арналған музыкалық драмасы қойылымымен аяқталды.