Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин WBC-дің елшісі болады

Геннадий Головкин WBC-дің елшісі болады

Геннадий Головкин жер сілкінісінен зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар көлемінде көмек ақшаны аударды.

Алдағы уақытта Геннадий Головкин Мексикаға барып қайтуды жоспарлап отыр. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы мүмкіндікті пайдаланып, GGG-ді өз шараларына қатыстырмақшы.

«Головкиннің үлгі аларлық қасиеттері көп. Ол отбасына адал, жақын адамға ылғи шын жүректен көмектесуге тырысады. Сол үшін xалық оны жақсы көреді, сыйлайды. Басқа спортшылар проблемаға ұрынса, GGG жанжалдан алыс жүреді. Әлемге танымал болуы да содан шығар. Біз өз чемпионымызды мақтан тұтамыз. Головкин — Мексикадағы WBC елшісі», — дейді Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман.

Айта кетейік, WBC белбеуінің иегері — Геннадий Головкин. Дәл осы белбеуді мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшыға жекпе-жексіз берді. Ал дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкинді 2017 жылдың «Жыл адамы» деп жариялады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version