Орталық Азиядағы әскери қуаттылық рейтингі: ең мықтысы — Өзбекстан

Рейтингті құрастырушылар түрлі 50 факторларды есепке алады екен, оның ішінде – елдегі қарудың жалпы саны, ел экономикасының ахуалы, жағрафиялық орналасуы, табиғи ресурстары, әскери қызметке жарамды халық саны және тағы басқалары. Ядролық әлеует пен саяси/әскери басшылық деңгейінің есепке алынбайтыны атап көрсетілген. Рейтинг Орталық барлау басқармасы (АҚШ), энциклопедиялық ресурстар, БАҚ-тағы жарияланымдар және басқа дереккөздері мәліметтерінің негізінде дайындалған.

Рейтингке сәйкес,

Өзбекістанда әскери қызметке 13,3 млннан астам адам жарамды екен, жыл сайын 600 мыңнан астам адам әскери қызметке шақыру жасына жетеді, армия құрамының саны — 65 мың адам

Ел әскерінің иелігінде — 420 танк, 715 БТР және БМП, 880 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 143 өзі жүретін артиллериялық қондырғылар, 109 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 166 ұшақтар, оның ішінде – 69 тосқауылшы/истребитель және 50 жүк ұшағы, сондай-ақ 69 тікұшақтар бар. Рейтингті құрастырушылардың мәліметтері бойынша, Өзбекістанның қорғаныс бюджеті $70 млн құрайды екен, бұл, әлбетте, күмән тудырады: «Википедия» деректері бойынша, 2010 жылы Өзбекістан қорғаныс саласына $1,7 млрдтан астам қаржы жұмсаған. 2014 жылы «Фергана» бұл елдің қорғаныс бюджеті шамамен $2 млрд құрайтынын хабарлады.

Қазақстанда (globalfirepower.comдеректері бойынша) әскери қызметке 6,44 млн азамат жарамды екен, жыл сайын 245 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, армия құрамының саны — 110 мың адам

Армияда 300 танк, 1613 БТР және БМП, 285 өзі жүретін қондырғылар, 744 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 393 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, жағалауды қорғайтын 12 кеме, 244 ұшақтар, оның ішінде – 103 тосқауылшы/истребитель және 64 жүк ұшақтары, сондай-ақ 69 тікұшақтар бар. Қазақстаннығ қорғаныс бюджеті $2435 млн құрайды.

Қырғызстандағы әскери қызметке жарамды халықтың саны 2,377 млн құрайды, жыл сайын 111 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, 16.500 адам әскерде қызмет етеді

Армияның иелігінде 150 танк, 438 БТР және БМП, 30 өзі жүретін қондырғылар, 159 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 21 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 6 ұшақ, оның ішінде – 4 жүк ұшағы және 6 тік ұшақ бар. Қырғызстанның қорғаныс бюджеті $240 млн құрайды.

Тәжікстанда әскери қызметке 3,2 млн адам жарамды, жыл сайын 152 мың адам әскерге шақыру жасына жетеді, армияның сандық құқрамы – 6000 адам

Елде — 37 танк, 46 БТР және БМП, 0 өзі жүретін қондырғы, 10 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 3 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 25 ұшақ, оның ішінде тосқауылшы/истребитель – 0 және 15 жүк ұшақтары, сондай-ақ 20 тік ұшақ бар. Тәжікстанның қорғаныс бюджеті $75 млн құрайды.

Түркіменстандағы әскери қызметке жарамды халықтың саны 2,255 млн құрайды, жыл сайын 110 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, 122 мың адам әскерде қызмет етеді

Армияда 712 танк, 1941 БТР және БМП, 68 өзі жүретін қоендырғы, 269 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 110 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 63 ұшақ, оның ішінде — 24 тосқауылшы/истребитель және 18 жүк ұшағы, сондай-ақ 16 тікұшақ бар. Түркіменстанның қорғаныс бюджеті $200 млн құрайды.

Алғашқы үш орынға, тиісінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Соңғы үш орынға Мали, Мозамбик, Сомали жайғасыпты.

Узбеки
Өзбекістан армиясы

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Дереккөз365info