Форум қатысушылары алдымен Талдықорған қаласының дамуы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы фильмді тамашалады. Жиналғандарды Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың атынан құттықтаған орынбасары Жеңіс Тұяқов облыстың даму динамикасы жөнінде мағұлмат берді.
«Соңғы 7 жылда Алматы облысына тартылған инвестиция көлемі 900 млрд теңге болса, қазір бұл көрсеткіш 2 трлн теңгеден асты. Біз өңірге инвестиция салам деген кəсіпкерлерді қуана қарсы аламыз. Əрі оларға барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз»,- деді облыс əкімінің орынбасары.
Форум 2 сессиядан тұрады: Талдықорғанның нақты секторына инвестиция тарту жəне қаланың болашақ даму жоспары.
Жиын соңында жергілікті əкімдікпен компаниялар арасында екі жақты келісімдер жасалады деп күтілуде.