Басты бетҚоғамҒалымдар көз...

Ғалымдар көз жасы мен сілекейден электр энергиясын өндіруді үйренді

Лизоцимді биологиялық батарея ретінде қолдану медицинаның мүмкіндіктерін арттырады. Болашақта онымен кардиостимуляторлардың қуат көзіндегі улы қорғасынды алмастыруға болады. Сондай-ақ, биоинженерия саласында кеңінен қолданылады.

«Лизоцим кристаллдары сілекей мен сүт бездерінен, көздің шырышты қабығынан бөлініп шығады. Сондай-ақ, құс жұмыртқаларында да кездеседі. Оны табиғи көздерден алу оңай»,- дейді зерттеу басшысы Ами Степлтон.