Отандық «Қағаз кеме» сериалы 30 қазаннан бастап НТК арнасынан көрсетіледі

Көпсериалды фильмнің режиссері Ерболат Беделханның айтуынша, туындыдағы негізгі идея – кейіпкерлерден жастар үлгі алатындай образ жасау.

Картинадағы басты кейіпкерлердің образын Ninety One тобының әншілері: Азамат Зенкаев, Данияр Құлымшин, Дулат Мұхаметқалиев, Азамат Ашмақын, Батырхан Мәліков және Әсел Садуақасова сомдайды.

Қағаз кеме, 91 тобы
©Brod.kz

Фильмнің қоюшы-операторы — Нұрсұлтан Базарбай.

Айта кетейік, «Қағаз кеме» сериалы негізінен Бішкектегі Орталық Азия Американдық университетінде түсірілген.

ДереккөзBrod.kz