Басты бет Жаңалықтар Жастарға 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріледі — Ілияс Өсеров

Жастарға 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріледі — Ілияс Өсеров

Алматыда қалалық мәслихаттың депутаттары жастардың баспаналы болуына жеңілдетілген кредит беру үшін бір миллиардқа жуық теңге бөлді.  

Фото: Atameken Business Channel

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ілияс Өсеровтің айтуынша, жастарға арналған несие жылына 5 пайыз мөлшерінде болады.

«Бұл мәселені шешу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрғын үй сатып алу үшін жастарға жеңілдікпен несие беру механизмін қолдану ұсынылады. Жастарға арналған несие жылына 5 пайыз мөлшерінде болады. Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 303,2 миллион теңге қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге байланысты шығындарды жабу, сондай-ақ 3 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту және онкоорталық салуға бөлу көзделіп отыр», — деп атап өтті Ілияс Өсеров.

Айта кетейік, әлеуметтік салаға 1,8 миллиард теңге бөлінді. Оның басым бөлігі жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге қарастырылған.

1 пікір

  1. Атырау қаласынан мұндай мүмкіндік қарала ма.ауылдан қалаға көгкім келеді.мұғаліммін.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version