Әлем бойынша ең көп сатылатын смартфондар анықталды

IHS Markit зерттеу компаниясының мамандары 2017 жылдың басында ең көп сатылған смартфондарды анықтады. 

Ең танымал, әрі сұранысқа ие смартфондардың көшін Apple өнімдері бастады. iPhone 7-ні сатып алатындар қатары көп. Екінші орында — iPhone 7 Plus. Үздік үштіктің соңын Samsung Galaxy Grand Prime Plus аяқтады.

Жалпы алғанда, алғашқы ондыққа Samsung-тың бес, Apple-дің төрт және қытайлық Орро компаниясының бір смартфоны кірген.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз