Басты бетАхметжан Есімов...

Ахметжан Есімов басқарған жобалар: дағдарыс, шешім, нәтиже

ЭКСПО қорытындысы бойынша шенеуніктің сенімді ақтағанын көріп отырмыз деп жазады «Время» газеті. Көрмені сынға алғандар оның жоғары деңгейде, дұрыс ұйымдастырылғанымен келісуге мәжбүр.

Ахметжан Есімовтің дағдарысқа ұшыраған, басы дауға қалған, қиындыққа тап болған орынды «құтқарып» қалуы бір бұл емес.

Көрмеге дейін Есімов Иманғали Тасмағамбетовтың орнын басып, жеті жыл Алматыны басқарды. Құрылыс шаңының астында қалған қала Шаңырақ пен Бақайдағы дүрбелеңді бастан кешіріп, жанжалдан жанжалға тап болып жатқан еді. Әкімдіктің алдындағы алаңды біресе алданып қалған үлескерлер, біресе Алматы маңындағы кенттердің тұрғындары бірінен кейін бірі «басып» алып жататын. Бұған сау-тамтығы қалмаған қоғамдық көлікті, құрылысы бітпеген метро мен Шығыс айналма жолын қосып қойыңыз. Бір ауыз сөзбен айтқанда оңтүстік астана нағыз дағдарысқа ұшыраған еді.

Есімовпен бес жыл бірге істеген, Алматы әкімінің орынбасары болған Виктор Долженковтың айтуынша, сол жылдары елде үлескерлердің мәселесін шешу жолға қойылмаған іс болыпты. «Ешкім бұл проблема туралы ойламаған еді, себебі бұл мемлекеттің қатысуынсыз сатушы мен сатып алушы арасындағы жағдай болатын», — дейді ол.

Долженковтың айтуынша, үкімет барныша жылдамдатып қажет құжаттар әзірлеп, жергілікті билікке зардап шеккен үлескерлерге көмектесу керек дейді. Ақша бөледі. Сол кездері премьер-министр үлескерлер туралы 120-дай қаулыға қол қойыпты.

Экс-орынбасардың сөзіне қарағанда, Есімов әкім болып тұрған кезде Алматыда бюджеттен бірде-бір тиын бөлінбей муниципалдық автобус паркі құрылды. Әкімдік газбен жүретін 400 автобус сатып алған. Кейінірек бұл сан 800-ге дейін жеткен.

Метро құрылысының да аяқталғаны осы Есімов басшылығының тұсы. Долженковтың айтуынша, әкім үкіметті құрылысты жауып тастау оны салып бітіруден қымбатқа түседі деп жұмыстарды аяқтауға көндірген. Бұған қоса ықшам аудандарды қала орталығымен байланыстыру үшін тағы екі бекетті қосқан.

Ахметжан Есімовтің Алматы әкімі болып тұрған кездегі үлкен жетістіктерінің бірі Алатау ауданының құрылғаны дейді сарапшылар. «Шаңырақ» пен «Бақай» ықшам аудандарындағы қақтығыс көпшіліктің есінде еді. Заңды күші жоқ құжаттар бойынша жер алып, ол жерге үй салған азаматтар не тіркеуге тұра алмай, не балаларын мектепке бере алмай, қиындық көріп жүрген кез болатын. Барлығы 20 мыңдай жан не ары емес, не бері емес күйде еді. Есімов осы мәселеге қатысты үкіметпен кездесу өткізіп, заңдастыру қажет екендігін дәлелдейді. Нәтижесінде, барлығы 3800 үй заңдастырылады. Алатаулықтар үшін жаңа инфрақұрылыс жүргізіліп, мектептер, емханалар салынады.

Алматыға дейін Ахметжан Есімов 2001 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған болатын. Қараусыз қалған, апаттық жағдайдағы бұл сала жаңа басшылық кезінде аяғына тұрып, ұн экспортын жолға қойды, ауыл шаруашылығында алғашқы құқықтық негіз пайда болды, яғни Жер кодексі, Су кодексі, астық, мал дәрігерлігі, жануарлар әлемін қорғау және пайдалану туралы заңнамалар қабылданды. Сала нарықтық экономика жағдайында дұрыс даму мүмкіндігіне ие болды. Бұл үлкен өзгеріс еді.

1997 жылы президент вице-премьер Есімовке энергетиканы қолға алуды тапсырады. Бұл жылдары республикада жарықты кезек-кезек өшіру әдісі қолданылатын. Жаңа басшылық қысқа уақыт ішінде электр энергиясын өндіретін компаниялармен келісімге қол жеткізіп, жағдайды дұрыстау үшін үлкен жұмыстар атқарады. 1999 жылы ел бойынша жарық сөндіру тоқтайды.

1998-2001 жылдары Ахметжан Есімов Бельгия, Нидерланд, Люксембург елдерінгені Қазақстанның Елшісі, сонымен қатар НАТО мен ЕуроОдақтағы Қазақстанның өкілі қызметтерін атқарды. Ол кезде Қазақстан әлемнің ықпалды ұйымдарымен ынтымақтастықты енді қалыптастырып жатқан, көп мемлекет тани бермейтін ел еді. Дипломат жұмысының нәтижесінде Қазақстан ЕуроОдақпен, Солтүстік Атлантика альянсымен келісім бекітті. Бұдан кейін болған тараптар арасындағы серіктестіктің негізі сол кезде қаланады.

ҚР-ның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Есімовтің елшілік қызметтен кейін де алты жыл бойы «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің тең төрағасы болып отырғаны оған деген сенім мен шенеуніктің кәсібилігінің көрінісі дейді.

1994-1998 жылдары Есімов Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы міндетін атқарды. Қазіргі Қазақстанның пайдалы қазбалар өндірісің даму деңгейі сол жылдарда атқарылған жұмыстың нәтижесі еді. Президент жүргізген келіссөздер бойынша бар жұмысты атқарған комитет төрағасы ел басшылығының сенімін ақтай алды.

Ахметжан Есімов түрлі қызметтерді атқарды және көпшілігінде өзін дағдарыстан шыға алатын маман ретінде көрсете алды дейді сарапшылар.