Бұл туралы қалалық мәслихаттың экономика және бюджет тұрақты комиссиясының отырысында айтылды.
Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеровтің айтуынша, аталмыш сома аудандық әкімдіктерге бөлінеді.
«Біз мәдениет басқармасына жаңа жылдық безендіруге ақша беріп қойдық. Бірақ ол ақша басқармадағыларға жетпей жатыр, себебі олар қаламыздың басты бөліктерін безендіреді. Аудандағылар осы ақшаға өздері магистральдық көшелер мен көпірлерді безендіруі керек. Бірыңғай концепция болуы тиіс, әрине, пішіндері әр түрлі болса болады, бірақ түстер бірдей болуы керек», — деді ол.
Отырыс барысныда депутаттар басқармадағылардың ақша бөлу туралы ұсыныстарын қабылдады. Соңғы шешім Алматы мәслихатының кезекті сессиясында қабылданады.