Басты бетЖаңалықтарАстанада зарарсыздандырылу...

Астанада зарарсыздандырылу үшін үй жануарларына екпе салынуда

«Астана Ветсервис» ветеринарлық бөлімінің бастығы Ерлан Жекебаевтың айтуынша, кез-келген адам үй жануарларын вакциналай алады.

«Жануарларға адамгершілікпен қарау мақсатында әкімдікпен жануарларды зарарсыздандыруға қаржы бөлінді. Кез келген адам жануарларын тегін ектіре алады. Бірақ, қазір Белорусияда шығарылған «Берлап» дәрісі пайдаланылады, — деді  Ерлан Жекебаев.

Бүгінге дейін мыңнан астам жануар екпе салдырған. Алдағы уақытта 4 мыңға жуық ит пен мысық егілуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, құтырманың негізгі таратушысы  — жабайы түлкі мен атжалмандар.

«Астана Ветсервис» ЖШС директорының Бибол Бегалин аталмыш шара бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл үшін жасалуда.

«Сенбі күнге дейін 1 020 жануар залалсыздандырылды. Бұл бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалуда. Ал аулауға қатысты алар болсақ, көрсеткіштің төмендегені байқалады. Алғашқы жылдары 15 000 ит ауласақ, өткен жылы 9 610 ит құрықтадық. Ағымдағы жылы ауланған жануарлардың саны 5 670 құрады», — деді Бибол Бегалин.

Айта кетейік, акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады.