Ақтау әуежайы уақытша 4 күнге жабық болады

Әуежай әкімшілігі тұрғындарға 4 күн бойы 09.00 — 20.00 уақытында жабық болатынын ескертті.

«4, 6, 11 және 13 қазанда әуежай  09.00 — 20.00 уақыт аралығына жабылады. Қалған уақытта рейстер жұмыс жасай береді», — деп хабарлады сәрсенбіде әуежай әкімшілігінен.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары әуежайдың ұшу-қону жолағына жүргізілуде. жоғарыда көрсетілген уақытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жабылады.