Басты бет Экономика Қазақстан америкалық компаниядан екі мекемені қайтарып алды

Қазақстан америкалық компаниядан екі мекемені қайтарып алды

Қазақстан америкалық компанияның басқаруында болған екі мекемені мемлекет меншігіне қайтарды. 

1 қазан күні Қазақстан мен америкалық AES Corporation компаниясының арасында 1997 жылдың 23 шілдесінде жасалған келісім-шарт күшінен шықты.

«2017 жылдың 2 қазанынан бастап «AES Өскемен ГЭС» ЖШС мен «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-ның активтері 100% мемлекет меншігіне өтті», — деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған компаниялардың директоры болып Асқар Балабатыров тағайындалды. Ол осыған дейін  «KEGOC», «Алматы ПауэрКонсолидэйтед», «Алатау Жарық Компаниясы» сынды акционерлік қоғамдарда қызмет атқарған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version