Қазақстан америкалық компаниядан екі мекемені қайтарып алды

1 қазан күні Қазақстан мен америкалық AES Corporation компаниясының арасында 1997 жылдың 23 шілдесінде жасалған келісім-шарт күшінен шықты.

«2017 жылдың 2 қазанынан бастап «AES Өскемен ГЭС» ЖШС мен «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-ның активтері 100% мемлекет меншігіне өтті», — деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған компаниялардың директоры болып Асқар Балабатыров тағайындалды. Ол осыған дейін  «KEGOC», «Алматы ПауэрКонсолидэйтед», «Алатау Жарық Компаниясы» сынды акционерлік қоғамдарда қызмет атқарған.