«Бұл жоба облыс әкімі тарапынан қолдау тауып отыр», — деп түсіндірді облыстық туризм басқармасының «Туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы Жанат Нұғыманов.
Жоба мемлекеттік бюджет есебінен емес, жекеменшік инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылмақ. Əзірге жобалық-сметалық құжаттары дайындалған жоқ. Алдағы уақытта әлеуетті инвестор табылып жатса, жобаны жүзеге асыралады.
Туризм басқармасының дерегі бойынша аспалы шыны көпір Бурабайдағы Бөлектау тауынан Туфелька шыңына дейін ұзындығы 230 метр қашықтыққа дейін созылатын болады.
«Осындай ұзындығы 500-600 метр аспалы көпірлер Қытай және Жапон елдерінде бар. Сондықтан, оны салуда ешқандай қиындық тумасы анық. Бұл өңірге қосымша туристерді тартуға септігін тигізетіні сөзсіз», — деді Жанат Нұғыманов.
Айта кетейік, аталмыш жобаны 2018 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазіргі кезде, жобаны қолға алуға ниетті инвесторлардың өтініштері қабылдануда.