Басты бет Қоғам «Astana Media Week» форумына 100-ге жуық продакшн студия қатысуда

«Astana Media Week» форумына 100-ге жуық продакшн студия қатысуда

Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан Астана медиа апталығына 100-ге жуық продакшн студия қатысып отыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев айтты.

«Қазақстандық телеарналар продакшн компаниялардың контенттерін зерттеуге қатысқанын қолдаймын. Продакшн компаниялардың телеарналар басшылығына шығуы өте қиын болып отыр. Көптеген кезеңнен өтуге тура келеді. Ал бұл шара телеарналармен және студиялармен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі. Бүгін продакшн студиялар өз өнімдерін бізге тікелей таныстыра алады», — дедi министр.

Бүгін басталған үшкүндік шараға 93 отандық продакшн студия қатысып отыр..

«Бізде мұншалықты көп студияның бар екенін білмеген едім. Сондықтан да бұл шара аталған саланың дамуына тың серпін берері сөзсіз», — дейдi Дәурен Абаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version