Қорда 3 адам қызмет еткен. Жобаларды іске асыруға Алматы қаласы әкімдігі мен кәсіпкерлер, әншінің достары көмектескен. Жыл аяғына дейін қор Батырхан Шүкеновтің жаңа альбомын жарыққа шығармақ.
«Қала әкімдігі барлық жобамызды қолдап, көмектесті. Алғашқы концертімізде залды тегін берді, жарнаманы тегін жасады. Көмектескен адамдар да болды. Бірақ, үнемі өзгелерден көмек сұраған болмайды. Сондықтан, альбом шыққан соң жұымысымызды тоқтатамыз», — деді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.
Батырхан Шүкенов қоры өз жұмысын 2015 жылдың тамыз айында бастаған болатын.