Алматыдағы автобустардың 70 пайызы жаңартылды

Алматы қаласында жыл соңына дейін 554 жаңа автобус қызмет көрсететін болады. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді.

Фото: Transport-almaty.kz

«Алматыэлектротранс» 300 автобус сатып алды, оның алғашқы 15 автобусы пайдалануға жіберілді. Енді екі күн сайын 15  автобустан жіберіп отырамыз. Желтоқсан айына дейін 300 автобус алып, іске қосамыз», — деді Мақсұт Исахов.

Жеке тасымалдаушылар тағы 254 автобус сатып алып қойған екен. Жоспар бойынша олар да жыл соңына дейін жеткізілуі тиіс.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version