Қостанайда АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 155 теңгеге дейін қымбаттаған. Қаладағы көптеген жанармай бекеттерінде 30 қыркүйек күні кешке қарай баға көтеріле бастаған.
Ал Атырау облысында бензин қымбаттап қана қоймай, жанар-жағармай құю стансаларында оның тапшылығы байқала бастады.
Әлеуметтік желі қолданушылары бензин тапшылығы Мақат ауданында да болып жатқанын жазуда — АИ-92 мен АИ-95-ті «ҚазМұнайГаздың» жанар-жағармай стансаларынан ғана құйып алуға болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда елдегі ірі үш мұнай өңдеу зауытының екеуі жөнделіп жатыр.