Ал, «Парыз» жүлдесі кәсіпорындарға табысталды. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үздік атанған және әлеуметтік жауапкершілікке көп көңіл бөлген серіктестіктер марапатқа ие болды.
Елімізде еңбекті дәріптеу бағытында тындырымды тірліктердің жасалып жатқандығы жасырын емес. Елбасы жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру міндетін де қойған еді. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру де назарда. Дегенмен еңбекті бағалау әлі де өз деңгейінде емес. Облыстағы орташа жалақы — 100 мыңнан сәл асады. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш — 150 мың теңгеден астам.
Облыстық кезең жеңімпаздары енді республикалық байқауда бақтарын сынайды. Еңбек бәрін жеңбек. Сондықтан да, ақмолалықтар өздері мен отбасы, ауылы мен қаласы үшін, облыс пен жалпы ел дамуы жолында аянбай тер төге бермек.