Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда "Бизнес...

Көкшетауда «Бизнес Бастау» мектебінің дәрістері өтіп жатыр

Сосын өзінің тәжірибесімен бөлісу үшін осындай кәсіпкерлік мектеп ашуды жөн көрген. Айтуынша, қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі жеке кәсібін бастаудан қорқады. Немесе бастаған күннің өзінде оны дөңгелетіп әкете алмайды. Соңында пайда болмағандықтан, жеке кәсіпкер шығынға батып, кәсібін жабуға мәжбүр болады.  Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін осы жағдай, — дейді.

«Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебі жеке кәсібін бастағысы келетін жандарға тура жол көрсетуді көздейді. Яғни, бұл жерде кәсіпті дұрыс жүргізу үшін ақыл-кеңес беріледі. Ол 8 бағытқа бөлінген. Алдымен, жеке кәсіпкер ретінде сұранысқа ие саланы таңдай білуіңіз керек. Сосын жеке кәсібіңізге әлеуметтік желілердің көмегімен жарнама жасай білгеніңіз абзал. Бастысы – осы. Себебі, қазір азаматтардың басым бөлігі ақпаратты интернеттен алады. Сондай-ақ, таргетинг жарнамасы, сату өнері мен сатылым алып келетін бейне роликтерді де жиі жариялау кәсіпті дөңгелетуге септігін тигізеді.

Кәсіпкерлік мектептің бизнес сабақтары 60 күнге дейін жалғасады. Оны бітіріп шыққан азаматтарға арнайы сертификат беріледі. Бүгінге дейін елімізде 2 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік мектептің оқу курстарын аяқтаған.