Зерендіде «Күзгі жапырақтар» облысытық слетi бастау алды

Аталған шара 27-ші қыркүйек халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оқушылар мен студенттер спорттық туризм тақырыбында экологиялық көркемсурет, туристік көпсайыстар мен туған өлке тарихы туралы шығармашылық жұмыстардың көрме байқауларында бақ сынайды.

Басты мақсат  — қоршаған ортаны қорғап, оны аялауға жастарды араластыру. Слет қорытындысы бойынша үздік танылғандар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Шара үш күнге жоспарланған.