Басты бет Жаңалықтар Бурабайда ең үздік сержанттар анықталады

Бурабайда ең үздік сержанттар анықталады

Әскери сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 79 сержант қатысып жатыр. Бір апта ішінде олар әскери дайындығы жоғары, кәсіби тұрғыда білікті сарбаздарды анықтайды.

Сайыс 5 номинация бойынша өткізілуде. Олардың қатарында «Бөлімшенің үздік командирі», «Батальонның үздік сержанты», «Бригаданың үздік сержанты» және «Өңірлік қолбасшылықтың үздік сержанты» атақтары бар. Өзінің қарамағындағы әскери қызметкерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басты сержанты шараға арнайы келді.

Сайыстың алғашқы күнінде сержанттар өздерінің гранатаны лақтырудағы, тартылу, қол күресу шеберліктерін сынға салып, әскери жарғы бойынша тестілеуден өтті. жалпы, әскерилердің барлығына сайыстың 10 түрі белгіленген.

Мұндай іс-шараны өткізу кадет корпусы үшін үлкен мәртебе. Сайыстың қорытындысы әділ болуы үшін Бас штабтан арнайы комиссия бекітілді. Одан бөлек, қатысушылар үшін барлық жағдай жасалды.

Еске  сала кетейік, өткен жылы осы сайыста жалпыкомандалық есеп бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сержанттары үздік деп танылған.  Екінші және үшінші орындар «Батыс» және «Шығыс» қолбасшылыққа бұйырған.  Ал, осы жылғы жеңімпаздар бір аптадан кейін белгілі болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version