Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында 566 азамат жұмыспен қамтылды

75 балаға шақталған тәрбие ошағының педагогикалық құрамы негізінен жас мамандардан құралған. Өйткені, жастар ізденімпаз, инновациялық технологияларды меңгеруге құштар келеді,-дейді балабақша директоры. Бүгінде ол мемлекеттік бағдарлама аясында 2 бірдей жас маманды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтып отыр.

Мемлекеттік бағдарламаға жұмыспен қамтылған маман да, жұмыс беруші де риза. Балабақша директоры жұмыспен қамту орталығымен әріптестікті әрі қарай да жалғастыратын боламыз,- дейді. Ал жұмысқа қабылданған жас маманның бірі Әсем Сәдуова болса, алдағы уақытта тұрақты жұмыспен қамтылатынына қуанышты.

Бүгінде Ақмола облысы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 566 азамат әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылған.