Басты бет Жаңалықтар Назарбаев Университетінде мамандықтар бойынша бірнеше бағдарлама ашылады

Назарбаев Университетінде мамандықтар бойынша бірнеше бағдарлама ашылады

Астанадағы Назарбаев Университетінде бірнеше бағдарлама ашылады. Бұл туралы бүгін Назарбаев  Университетінде өткен ашық есік күні аясында айтылды.

Қабылдау департаментінің директоры Гүлназ  Бөлебаеваның айтуынша, биылдан бастап тау-кен ісі мектебінде магистратура, ал Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде PhD мамандықтары ашылған. Ал келесі жылдан бастап бакалавриат мамандығы бойынша бірнеше бағдарлама ашу көзделген.

 «Нақты айтқанда мұнай-газ инженериясы, тау-кен ісі және геология инженериясы бағдарламасын ашу жоспарымызда бар. Бізде барлық сабақтар бірінші курстан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар қазақ тілі де оқытылады. Жалпы Назарбаев Университетіне түскісі келетін талапкердің білімі жоғары болуы тиіс», – деді Гүлназ Бөлебаева.

Айта кетейік, алдағы бір айдың көлемінде Назарбаев Университетіне түскісі келген талапкерлерге дайындық курсы ашылады. Онда талапкерлердің ағылшын тілін жетік меңгеруіне мүмкіндік жасалмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version