Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлікті дамыту:...

Кәсіпкерлікті дамыту: Бұланды ауданында 19 адам несие алды

Соның арқасында ауыл тұғындары кепілі болмаса да өз кәсібін ашуға  немесе  жұмыс істеп тұрған шаруашылығын ширатуға  мүмкіндік алмақ.  Бұланды ауданына қарасты Қараөзек елдімекенінің тұрғыны Маралбек Хагай несиеге 11 ірі қара мал алған.

Жыл басынан бері  Бұланды ауданында  нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкуерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 19 адам несие алған. Рәсімделген несие құны – 82 миллион теңгені құрайды.

Бұланды ауданы бойынша кәсіпкерліктің тағы бір түрі жақсы қарқынмен дамуда. Жүк және жолаушылар тасымалы бұландылық кәсіп иелері үшін табыс табудың жақсы көзіне айналған. Сөйтіп, көлік инфрақұрылымы дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, тұтастай алғанда аудан экономикасына сүбелі үлес қосуда.

Жалпы несие алушылардың  денін  негізінен ауыл тұрғындары құрайды. Оларды нәтижелі жұмыспен қамту ертеңгі күнге деген сенімді арттыра түсері анық.