Басты бетЖаңалықтарКөкшетау қаласында...

Көкшетау қаласында аймақтар делегаттарының форумы өтті

Бірнеше өңір өкілдерінің басын қосудағы басты мақсат – Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқылы жүзеге асырыла бастаған   «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жобасы бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстарды тағы бір айқындап, оның нәтижелеріне көз жіберту.

Қырыққа жуық жас мемлекеттік қызметші жиылған бүгінгі ауқымды жиын психологиялық тренингтен басталды. Ұйымдастырушылар осылайша жастардың бүгінгі отырыс барысында өзін еркін ұстап, ойын ашық айтуына жағдай жасауды жөн көрген. Делегаттардың өзара танысуына арналған тренингтен соң жас мемлекеттік қызметшілер  жиынның негізгі тақырыбына көшіп, дайындап келген баяндамаларымен бөлісті. Нақты айтар болсақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою, сот актілерін орындау, мемлекеттік аудит сынды салаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар тілге тиек етілді.

Ел –тірегі деп, халқы сенім артқан жастардың сенімге толы сөздері мен олардың мемлекеттік қызметке мейлінше қызығушылық танытып отырғандығы көңілге қуаныш ұялатады. Айта кетейік, Ақмола облысы бойынша бүгінде 1340 жас мемлекеттік қызметте еңбек етіп жатыр. Олардың қатары биыл тағы 144 адамға толыққан.