Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда жапон мәдениетінің фестивалі өтеді

"Гинатаки" жапон мейрамханасы

Жыл сайын фестивальді 3000-ға жуық адам тамашалайды. Ал биыл бұл шара  Қазақстан мен Жапония дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25-жыл толуымен байланысты болып отыр. Бұл туралы мұражайдың баспасөз қызметі хабарлайды.

«2017 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі, Қазақстандағы Жапония Елшілігі, Қазақстандық — жапондық адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстандағы жапон іскерлер ассоциациясы мен Қазақстандағы жапон ассоциациясы бірлесіп, «Алматыда Жапон мәдениеті күнін» өткізеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдениеті, спорты, биі, асханасымен және жапон технологиялармен таныса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version