Жыл сайын фестивальді 3000-ға жуық адам тамашалайды. Ал биыл бұл шара Қазақстан мен Жапония дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25-жыл толуымен байланысты болып отыр. Бұл туралы мұражайдың баспасөз қызметі хабарлайды.
«2017 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі, Қазақстандағы Жапония Елшілігі, Қазақстандық — жапондық адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстандағы жапон іскерлер ассоциациясы мен Қазақстандағы жапон ассоциациясы бірлесіп, «Алматыда Жапон мәдениеті күнін» өткізеді», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдениеті, спорты, биі, асханасымен және жапон технологиялармен таныса алады.