Қазақстан бойынша тоғызыншы орыннан көрінді. Зор жетістік. Облыс қоржынына 48 медаль салу оңай дүние емес. Қажырлы қайрат пен ерен еңбектің жемісі.
Бұл дүбірлі додадан оралған спортшыларымыздың екінші легі. Өңірдің намысын қорғаған мына бір жанды ерекше дерсің. Үстел теннисінен Қазақстан бойынша екі дүркін чемпион. Жасы 70-те. Әл-қуаты мен жасын бері ысырып, алда тұғырлы жеңістен тағы да көрінем деген ой тастады.
Бесінші республикалық спартакиада барысында Ақмола облысының спортшылары жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг, суда жүзу, тоғызқұмалақтан бақтарын сынаған. Әлемі шексіз жандар алдағы уақытта өтетін жарыстарға дайындықты бастап кетті.