Ақмола облысында барлық экономикалық салаларда айтарлықтай iлгерiлеушiлiк байқалады. Бұл туралы Ақмола облысының әлеуметтiк –экономикалық даму көрсеткiштерiнiң 8 айдағы қорытындысы бойынша аппарат отырысында облыстық экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасының басшысы Б. Малғаждаров хабарлады.
Оның айтуынша, өсiм азық-түлiк өнiмдерiн өндiруде орын алған, бұл жерде өнiмнiң нақты көлемiнiң индексi 117% құрайды.
Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, ИИДМБ аясында облыста құны 1,6 млрд теңге болатын екi жоба жүзеге асырылып, 190 жаңа жұмыс орны ашылған.
Сонымен,Целиноград ауданында «SAMHAT» ЖШС аяқ киiм жасайтын жаңа желi iске қосылған. Оның жылдық қуаты 500 мың жұп аяқ киiм өндiруге жетедi. Степногорск қаласында «Инвест-РТ» ЖШС алтыннан минералдық шикiзат өңдейтiн фабриканы iске қосылды. Оның қуаты 108 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттiк бағдарлама аясында 5 жобаны жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.
«Биыл су құбырларын тарту мен ауыз су мәселесiн шешу мақсатында 8,9 млрд теңге бөлiндi. Бұл қаржы 28 нысанды iске асыруға және 12 жобаның сметалық құжатын әзiрлеуге жұмсалды», — дедi Б.Малғаждаров.
8 айдың әлеуметтiк-экономикалық қортындысы борйынша есептi тыңдаған аймақ басшысы, өндiрiс ауқымын кеңейтуге қатысты аудан, қала әкiмдерiне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктедi.
Сонымен қатар, М.Мырзалин ауылшаруашылығы басқармасы басшысына майлы дақылдар орағын дер кезiнде аяқтауды, ауылшаруашылығы тауарларын өңдейтiн кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын жүктеудi, Астананы азық-түiкпен қамту бағдарламасы аясында iске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың мерзiмiнде жүзеге асыруды мiндеттедi.